Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
club84579976
Описание
Хат жазысу әдебі
Бүгінгі күні ақпараттық құралдардың дамығаны сонша хат жазу дәстүрінің әдеттен шығып бара жатқаны сөзсіз. Дегенмен де өзін мәдениетті, оқыған санайтын кез-келген адамның ойын бір ауыз жазбаша жеткізе білуі маңызды екенін естен шығармағанымыз дұрыс. Сондықтан да бүгін хат, хабар жазу әдебіне тоқталамыз. Ұялы телефоннан хабарлама жазғанда да қалай болса солай көше стилін пайдаланбай осы бір ережелерге назар аударыңыздар. Әсіресе бозбала мен бойжеткен арасындағы хабар алмасуда қажетіңізге жарар деген үміттеміз. Қандай мазмұндағы хат жазсаңыз да мына бір жалпы ережені сақтағаныңыз жөн: өз ойыңызды анық та қарапайым білдіріңіз, сол арқылы сіздің сәлем хатыңызды оқыған адамда жағымды пікір қалдырасыз.
Жазылған нәрсенің мәнін кетіретін тым әсерлі, жауыр болған сөздер мен жаттанды тіркестерден аулақ болыңыз. Бұл сіздің хатыңызды оқыған кісіні ығыр қылып жіберетінін ұмытпаңыз.
Сіздің хатыңыз оқыған кісінің құлағына жағымды болсын, сондықтан хат жазғанда сөздер мен сөз тіркестерін мұқият іріктеп қолданыңыз.
Келесі бір маңызды мәселе хат жазған да қолданылатын реңк (тон).
Егер хат туыстарыңыз, жақын достарыңыз бен таныстарыңызға арналса шын көңілден қарапайым, ешқандай әсіре қызыл сөзсіз жазылады. Сонымен қатар хат мазмұны логикалық жағынан жүйелі болғаны дұрыс, сонда ғана сіз өзіңіз айтқыңыз келген ойды толық бере аласыз.
Тілхат – бір нәрсе туралы қысқаша хабарлама. Әдетте олар қандай да бір шұғыл немесе маңызды хабарды жеткізу үшін жазылады. Кез-келген хат еркін ауыз екі сөйлеу тілінде жазылады. Ал кім де кім ауызша әңгімелесуде өзінің ойын дұрыс жеткізе алмайтын болса, ол кісіге ойын жазбаша жеткізу де қиынға түсері сөзсіз. Сондықтан тілхат, хат жазғанда өзіңізді сол кісімен жүзбе-жүз сөйлесіп отырғандай еркін ұстағаныңыз жөн.
Шақыру тілхаты – шақыру тілхатын немесе хабарламалар үй иесінің атынан жазылады. Шақырулардың мазмұны қысқа әрі қарапайым болады. Оның қағазының сапасы тәуір, ал форматы шағын болып келуі керек. Түскі, кешкі асқа немесе балға шақыру арнайы басылған қағаздарға жазылуы керек.
Ал той боларда, әсіресе қазіргі кезде, қонақты көбінесе үй иесі барып шақыруы немесе арнайы шақыру қағазын жіберуі тиіс. Қазіргі кезде қонақты бір апта бұрын шақырады, өйткені әркімнің алдағы уақытқа жоспарлап қойған әр түрлі жұмыстары болады. Бұрыннан таныс немесе жақын туыстарды болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз болады.
Мысалы:
Қымбатты Еңлік! Сені қыркүйектің 24 күні кешкі сағат 18-де болатын туған күн кешінің қонағы болуға шақырамын. Мекен-жайымыз: Достық даңғылы 58-үй
Құрбы